Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жеке үйде өрт болып, 5 жасар егіз балалар көз жұмды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылында өрт болып, 5 жасар егіз балалар көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 3 ақпан күні кешкі уақытта болған. Қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

"Үйде 2017 жылы туған егіздер болды. Олар түтінге тұншығып, улану салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Өрт шыққан кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - дейді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.

Қызыл жалын ауыл тұрғындарының көмегімен сөндірілген. Себебі ең жақын өрт сөндіру бөлімі ауылдан 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Осы ретте, ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, балаларды үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Айта кетсек, бұған дейін Талдықорғанда времянкадан ерлі-зайыпты мен екі баланың денесі табылған еді.

Олардың өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954547-aqtobe-oblysynda-zeke-uide-ort-bolyp-5-zasar-egiz-balalar-koz-zumdy/

pixel