Желіде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірген қарағандылық ұсталды

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында жалған аудио жазба таратқан ауыл тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарқаралы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 қаңтар күні әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг кезінде жалған ақпаратты анықтаған.

Онда аудандағы мекеме басшысының бірі коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, өзінің денсаулығына қауіп төндіргені айтылған.

Жазба авторын анықтау бойынша жүргізілген іс шара барысында 45 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

Қолға түскен азамат мәселенің мән-жайына бармай, жалған ақпарат таратқанын мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") іс қозғалуда.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954628-zelide-zalgan-aqparat-taratyp-eldi-durliktirgen-qaragandylyq-ustaldy/