Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Індет өршіп тұр": Батыс Қазақстан облысында 18 сынып карантинге жабылды

Опубликовано:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 18 сынып карантинге жабылған. Бұл ақпаратты өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев растады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Мұхамғали Арыспаев коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының аумағындағы 11 мектепте 18 сынып карантинге жабылғанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, өңірде барлық жастағы мектеп оқушылары індет жұқтырып жатыр.

Осы орайда қаңтар айының басынан бастап Батыс Қазақстан облысында 855 оқушыдан коронавирус табылғаны белгілі болды.

"Жыл басынан бері өңірде 8091 адамнан коронавирус табылды. Індет, әсіресе, Тасқала (947, 82,9 пайыз), Бәйтерек (1193, 65 пайыз), Бөрлі (947, 35,6 пайыз) аудандарында, сондай-ақ, Орал қаласында (4015, 8,5 пайыз) өршіп отыр", - деді Мұхамғали Арыспаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954632-indet-orsip-tur-batys-qazaqstan-oblysynda-18-synyp-karantinge-zabyldy/

pixel