Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғыны 15 адамның 20 млн теңгесін қалтасына басты деп күдіктелуде

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысының тәртіп сақшылары 15 адамды алдап, 20 миллион теңге шығын келтірген деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция басқармасына алаяққа алданғанын айтып, әйел адам арызданған.

Ол "белгісіз азамат үйіне келіп, ауыл тұрғындарының жағдайын көтеру мақсатында көмек беріп жатқанын жеткізді", дейді.

Осылайша, әйелді зейнетке шығарып беретінін айтқан алаяқ оны суретке бірнеше рет түсіріп алыпты.

Арада бір айға жуық уақыт өткеннен соң жәбірленушіге банк қызметкерлерінен несиені төлеу туралы хабарлама келген. Мұны көрген ол өзінің алаяқтың қармағына ілінгенін түсінген.

Содан соң бірден полиция қызметкерлерінен көмек сұрапты.

Полицейлер аталған жағдайды қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеген.

Ведомство қызметкерлері істі тергей келе тағы 14 адамның дәл осындай жағдайда алданғанын анықтаған.

Күдікті қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті бұрын банктердің бірінде жұмыс жасаған. Содан соң біреудің атынан несие рәсімдеудің қыр-сырын меңгеріп, оңай жолмен ақша табуды көздеген.

Тұрғындардың сеніміне тез кірген ол, барлығының атынан несиеге қымбат ұялы телефондар алып, оларды сатып жіберген, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған деп күдіктелуде.

Алаяқтың құрбаны болған тұрғындардың жалпы шығыны 20 млн теңгені құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954666-senimge-kirip-bir-auyl-turgyndaryn-taqyrga-otyrgyzgan-symkentte-kudikti-qolga-tusti/

pixel