Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепке танысы арқылы жұмысқа тұрғысы келген шымкенттік млн теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент тұрғыны мектепке жұмысқа орналасамын деп ақшасынан айырылып қалды деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Оның айтуынша, танысы қаладағы мектептердің біріне мұғалім ретінде жұмысқа тұрғызып беремін деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңгесін алдап алған көрінеді.

Алайда бүгінге дейін күдікті азаматша не уәде етілген жұмысты, не ақшасын қайтармай жүргенін айтқан.

Хабарды алған Қаратау АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғынды алдап соқты деген күдікті азаматшаны қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді.

Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында жәбірленушіні алдаған азаматшаның жалған ақпарат бергені, сондай-ақ иемденген қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жібергені анықталды.

Қазіргі таңда оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954677-mektepke-tanysy-arqyly-zumysqa-turgysy-kelgen-symkenttik-mln-tengesinen-aiyryldy/

pixel