Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бейтаныс адамнан жалға пәтер алған жігіт далада қалды

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ер адам бейтаныс азаматтан жалға пәтер алмақ болып, ақшасын берген соң далада қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, алаяқтық құрбаны болғанын айтты. Ол бейтаныс адамнан пәтер жалға алған екен. Кейіннен үйді жалға берген адамның баспана иесі емес екені анықталған.

"Ол бір айға елордадан пәтер жалдап, содан кейін оны жәбірленушіге беріп, одан ақша алғаны анықталды. Үй иесі пәтердегі бейтаныс адамды көріп, оны қуып жіберген", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Полицейлер көп ұзамай күдіктіні анықтай алды. Ол 26 жастағы азамат болып шықты. Аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 190- бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Одан бөлек, елордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен тағы бір адамды ұстады. Жігіт құны 550 мың теңге тұратын Playstation 5 ойын тақтасын жалға алып, оны ломбардқа тапсырған. Ол тағы бес осындай қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954678-astanada-beitanys-bireuden-zalga-pater-algan-zigit-dalada-qaldy/

pixel