Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында донерден жаппай улану фактісі тіркелді

Опубликовано:

1
Көрнекі фото: pxhere.com

Бесағаш ауылында донерден жаппай улану жағдайы тіркелді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңірдің ПД ақпаратынша, 30 қаңтарда адамдардың жаппай улану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабына (санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес, қылмыстық іс тіркелді.

Тексеру барысында Бесағаш ауылындағы кафелердің бірінде тамақ ішкеннен кейін зардап шеккендердің денсаулық жағдайына қатысты шағымдары пайда болғаны анықталды.

Медициналық көмекке 18 адам жүгінді, олардың арасында жас балалар да болды.

"Аталған факті бойынша өнімдер тәркіленді, тиісті сараптама тағайындалды. Осыдан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954682-almaty-oblysynda-donerge-zappai-ulanu-faktisi-tirkeldi/

pixel