Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі  аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында, 6 ақпанда солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында және орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 17-22 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954688-tuman-koktaigaq-burqasyn-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel