Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ІІМ: Қаңтар оқиғасынан кейін шетелден жалған хабарламалар келуде

Опубликовано:

Бүлік
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов ОКҚ өткен брифингте қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін Қазақстанда ақпараттық соғыс басталғанын, оны елден тыс тіркелген аккаунтар жүргізіп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Санжар Әділовтің сөзінше, жүргізіліп жатқан ақпараттық соғыстың мақсаты – құқық қорғау органдарының беделін түсіру және Қазақстандағы мемлекеттік жүйеге нұқсан келтіру.

"Жалған хабарламалардың негізгі бөлігі елден тыс жерлерден келеді – бүгінде әлеуметтік желілерде шетелде тіркелген 43 аккаунт бар.

Көрінеу жалған ақпарат таратудың барлық жағдайларында кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары қабылданады", - деді Әділов.

Еске сала кетсек, бұған дейінБас прокуратураның Бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов 4 ақпандағы жағдай бойынша жедел-тергеу топтарының өндірісінде 2 750 қылмыстық іс бар екенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954694-qazaqstan-iim-qantar-oqigasynan-keiin-setelden-zalgan-xabarlamalar-kelude/

pixel