Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Шымкент қаласы "сары" аймақтан "жасылға" өтті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Шымкент қаласы "сары" аймақтан "жасылға" ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 5 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.

"Сары" аймақта Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Шымкент қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда тағы 5721 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954707-koronavirus-symkent-qalasy-sary-aimaqtan-zasylga-otti/

pixel