Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде қандай мамандықтарға сұраныстың көп екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің саны 6,8-6,9 миллион адамды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 188,6 мың адамды құрайды, оның жартысы жұмыстан шығатын жалдамалы жұмыскерлерді алмастыру сұранысына сай келеді", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, 2022 жылы да күзетшілерге, бухгалтерлерге, сатушылар мен жүргізушілерге деген сұраныс сақталады.

Өңірлер бойынша көбірек сұраныс Алматы қаласында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында болады деп күтілуде.

Ал салалар бойынша білім беру, ауыл шаруашылығы және сауда бағыттарының қызметкерлері сұранысқа ие болмақ.

Сарапшылардың сөзінше, әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды ескеріп, жалпы еңбекке қабілетті жастағы халық саны 2022 жылы 11,4 млн адамға жетеді (2021 жылмен салыстырғанда 98 мыңға өседі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954714-qazaqstanda-qandai-mamandyqtarga-suranys-zogary/

pixel