Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсімде алтын кілт көрдім": Түркістан облысында 7 баласымен тастанды үйде тұрған ана баспаналы болды

Опубликовано:

Көпбалалы анаға үй берілді
скриншот: Түркістан арнасы

Түркістан облысының Арыс ауданында жеті баласымен он жыл бойы басқаның босағасын паналаған әйел үйлі болды. Тағдыр тауқыметін көп тартқан ана қуаныштан көзіне жас алып, қайырымды жандарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Түркістан арнасы.

Эльмира Әбекова жеті баланың анасы. Ол он жыл бойы бала-шағасымен біреудің босағасында күнелтіп келген. Тағдырдың тепкісін көп көрген ана түсінде алтын кілт көріп, мұнысын жақсылыққа жорығанын жасырмай айтты.

"Түсімде алтын кілт көрдім. Кіші қызымның қолында тұр екен. Біреу келіп ұсынып жатыр. Жақсылық боларын сездім" - дейді көпбаланы ана.

Эльмира бүгінге дейін балаларымен бірге саяжай мен қараусыз қалған үйлерді мекен еткен.

жеті баланың анасы
Фото: Түркістан арнасы

Енді олар жаңа қонысқа көшті. Зәулім үй, таза аула, жылы баспана - балалардың бүгінгі қуанышын еселей түскен.

Жергілікті қайырымды жандар көпбалалы анаға 20 миллион теңге жинап, үй салып берді.

Тұрғын үйдің жалпы аумағы 101 шаршы метр. Мұнда екі жатын бөлме, ас үй, жуынатын бөлме және дәретхана бар. Баспананың қабырғасы күйген қыштан тұрғызылып, заманауи үлгідегі құрылыс материалдарымен қапталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954727-tusimde-altyn-kilt-kordim-turkistan-oblysynda-zeti-balasymen-tastandy-uide-turgan-ana-baspanaly-boldy/

pixel