Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда белсенді Ермек Нарымбаев ұсталды

Опубликовано:

белсенді Ермек Нарымбаев 11
Ермек Нарымбаев. Фото: instagram.com/ermeknarymbai

Бүгін Алматыда белсенді Ермек Нарымбаев ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Нарымбаевты көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Алматы әуежайының аумағында ұстаған.

Белсенді сол мезетте Киевтен ұшып келген.

Сонымен қатар, ведомство белсендінің іздеуде жүргенін және ол Қылмыстық кодекстің 174 бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" ) бойынша бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

"Сот үкімін орындау үшін Нарымбаев Е.Е тергеу изоляторына қамалды", - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954776-almatyda-belsendi-ermek-narymbetov-ustaldy/