Коронавирус: Тағы бір өңір "жасыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Маңғыстау облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.
6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:
- "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта Жамбыл облысы;
- "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстары тұр.
Айта кетейік, өткен тәулікте, елімізде 4826 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 22-і Маңғыстау облысынан.
Жалпы, қазір республика бойынша 101 815 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 754 пациент стационарда, 92 061 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
425 адамның жағдайы ауыр, 158 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954779-koronavirus-tagy-bir-onir-zasyl-aimaqqa-otti/