Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 7 ақпаннан бастап террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі алынады

Опубликовано:

Алматы тексеріс11
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оңтүстік астанада 7 ақпан сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі жойылады, деп хабарлайды Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штаб.

Жедел штабтың мәліметінше, Алматы қаласында жағдай тұрақтанған.

Осыған байланысты штаб басшысының шешімімен шаһар аумағында ағымдағы жылдың 7 ақпанынан яғни сағат 00.00-ден бастап террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі алынады.

"Арнайы және құқық қорғау органдары күшейтілген қызмет режимін жалғастырады.

Барлық қала тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік білдіргендері үшін алғыс айтамыз", - деп хабарда етті Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штаб.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954811-almatyda-7-aqpannan-bastap-terroristik-qauiptin-zogary-qyzgylt-sary-dengeii-alynady/