Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Каспий теңізіне не ағызып жатыр": Экология департаменті желіде тараған видеоға пікір білдірді

Опубликовано:

Каспий
Видеодан кадр: inaktau.kz

Желіде Каспий теңізіне құбырдан белгісіз су ағып жатқанын айтқан Ақтау тұрғынының видеосы пайда болды. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау облысы экология департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі inaktau.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтаулық әйел белгілі шипажай қонақ үйінің аумағынан теңіз жағалауына тартылған құбырды байқап, құбырдан аққан судың теңізге құйылып жатқанына назар аударған.

"Мына жердің суы теңізге құйылып жатыр екен. Ағып, теңізге қосылып жатыр", - дейді желіде тараған видео авторы.

Бұл видеоға Маңғыстау облысы экология департаменті пікір білдірді. Ведомство аталған учаскеден зертханалық талдау жасау үшін мамандар сынама алғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта тәуелсіз экологтарды, қоғам белсенділерін және Маңғыстау облыстық экология кеңесі мүшелерін, "Экожер" аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығының мүшелерін осы жағдайды объективті бағалау жұмысына жұмылдыру жоспарлануда", - дейді Маңғыстау облысы экология департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ, тексеру жұмысына су инспекциясы, балық шаруашылығы басқармасы, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мамандарын жұмылдыру көзделуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954818-kaspii-tenizine-ne-agyzyp-zatyr-ekologiya-departamenti-zelide-taragan-videoga-pikir-bildirdi/

pixel