Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалған екі облыста да террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі алынады

Опубликовано:

Алматы11
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүйсенбі, 7 қаңтардан бастап Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі алынады. Бұл туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Антитеррорлық орталығының ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін 7 ақпаннан бастап террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі Алматыда да күшін жоятыны хабарланған еді. Аталған үш өңірде де жағдай тұрақталды.

"Күш құрылымдары штаттық жұмыс кестесіне сай жұмыс істеуге көшеді. Алматы, Алматы облысы және Жамбыл облыстарының барша тұрғындарына түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамыз", - делінген терроризммен күрес жөніндегі республикалық жедел штаб хабарламасында.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша террористік қауіптің "қызғылт сары" деңгейі 27 қаңтарда алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954821-qalgan-eki-oblysta-da-terroristik-qauiptin-qyzgylt-sary-dengeii-alynady/