Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жел, тұман және көктайғақ": Қазақстанның 10 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Еліміздің синоптиктері ертең, 7 ақпан күні еліміздің 10 өңірінде ауа райы бұзылатынын айтып, ескерту жасады. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, көптеген өңірлерде жел күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, тұман басады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстік өңіріндегі жел екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіледі. Одан бөлек, Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Сонымен бірге, өңірдің солтүстік бөлігін тұман басады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-шығысында және орталығында оның екпіні 17 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы маңында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болғанымен, тұман түсіп, көктайғақ болады деген болжам бар.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ күтілуде. Оңтүстік-батыстан қатты жел соғып, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің екпіні 17-22 м/с жетеді. Облыс орталығы - Талдықорған қаласында да тұман мен көктайғақ болады.

Дауылдық ескерту Ақмола облысында да жарияланды. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соққан жел екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысы да ауа райы бұзылып, қатты тұман түседі. Оралшығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен орталығындағы тұман бір тәулік бойы сақталады деген қауіп бар. Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жетуі мүмкін. \

Түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сәйкесінше облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіліп, оңтүстік-батыстан жел соғады. Шымкент қаласында жел күшейіп, Түркістанда қалың тұман түседі.

Қостанай облысының оңтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысын тұман басып, олыстың оңтүстігі мен батысында жел күшеймек.

Қарағанды облысының түнде батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады. Қарағанды және Жезқазған қалаларында да жаяу бұрқасын болады деген болжам жасалып отыр.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз жаяу бұрқасын күтіледі мен қатты жел соғады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954823-zel-tuman-zane-koktaigaq-qazaqstannyn-10-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel