Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада киік атып алған 2 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында киік атып алған 2 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы полиция департаментінің,​ табиғат қорғау прокуратурасы ​және "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері рейд жүргізді. Нәтижесінде қала орталығындағы көшелердің бірінде 27 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы жеңіл автокөлік тоқтатылды.

"Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан ақбөкеннің денесі анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.​ Күдікті 2 азамат уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954839-qyzylordada-kiik-atyp-algan-2-adamga-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel