Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарт анасын ұрып өлтірген: Ақтөбеде ер адамға үкім шығарылды

Опубликовано:

Таяққа сүйенген қария
Көрнекі фото: Pixabay.com

Ақтөбеде сот қарт анасын ұрып өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды.

Sputnik Қазақстан мәліметінше, 51 жастағы Ақтөбе тұрғыны 84 жастағы анасына ашуланғандықтан мұндай қадамға барған.

Айтуынша, әйел төсек тартып жатқан. Сол кеште ұлы анасының кешкі асын берген. Алайда қарт ана тамақты түкіріп, оны жеуден бас тартады. Ашуға булыққан ер адам оны басынан, бетінен ұрғанын айтты. Бір рет кеуде тұсына да жұдырық сілтеген.

Есін жиған ұлы жедел жәрдем шақырған. Соққы іздеріне қатысты сұрақтарға оны бір ай бұрын белгісіз біреу ұрып-соқты деп жауап береді. Бұл соққылардан қарт әйел бас-ми жарақатын алып, қабырғасы сынғаны анықталды. Ол алған соққыдан көз жұмды.

Әйелдің соққыға жығылғаны белгілі болған соң, ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ер адам анасымен қарым-қатынасы бала кезден күрделі болғанын айтты.

Оның айтуынша, ол анасымен түсінісе алмағандықтан, үйден жиі қашып кететін.

"Сол кеште анамның тамақты түкіріп тастағаны ашуымды келтірді. Ол дәретін де астына жіберіп қоятын. Оны қанша рет ұрғаным есімде жоқ. Кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен оны өлтіргім келмеген. Бәрі аяқ астынан болды", - деді ол.

Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954840-qart-anasyn-uryp-oltirgen-aqtobede-er-adamga-ukim-sygaryldy/

pixel