Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы аудандардың бірінде екі түн бойы суық су өшіріледі

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы бірқатар үйде екі күн бойы түнгі уақытта суық су өшірілмек. Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік мекемесінің Instagram парақшасында хабарланды.

Великолукский - Жансүгіров - Сокольский - Палладин - Егоров көшелері аумағында 8 ақпан күні 22.00-ден 9 ақпан таңғы сағат 06.00-ге дейін;

Жансүгіров - Сокольский - Палладин - Запорожкая көшелерінде 9 ақпан күні 22.00-ден 10 ақпан күнгі 06.00-ге дейін суық су беру тоқтатылады.

"Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне жаңа су құбырын қосу үшін енгізіледі", - деп түсіндірді "Алматы су".

Мемлекеттік мекеме қызметкерлері алматылықтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954902-almatyda-audandardyn-birinde-eki-tunge-suyq-su-osiriledi/

pixel