Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігінің желідегі ресми парақшасын хакерлер бұзып алды

Опубликовано:

Хакер
Хакер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасын белгісіз біреулер бұзып алды. Министрліктің баспасөз хатшысы Әсел Артықшынова ведомствоның аккаунтына кешеден бері кіру мүмкін болмай отырғанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз хатшысының жеке парақшасы да бұзылған.

"Instagram арқылы Facebook-ке жазып отырмын!. Өкінішке қарай, белгісіз жандар Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын және менің жеке парақшамды бұзды. Сол себепті Facebook-тегі ақпаратты уақытша менің және министр Ажар Ғинияттың парақшасында жариялайтын боламыз", - деді министрліктің қоғаммен байланыс департаментінің директоры.

Сонымен қатар, Әсел Артықшынова ресми ақпарат сайтта және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланатынын хабарлады.

Оның сөзінше, парақшаны қайтару бойынша Facebook-ке хат жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954921-densaulyq-saqtau-ministrliginin-zelidegi-resmi-paraqsasyn-xakerler-buzyp-aldy/

pixel