Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жазалағым келді": Алматыда аялдамада қарияны ұрып-соққан азамат ұсталды

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_nursultan_official

Алматы полициясы аялдамада тұрған қарияны ұрып-соққан азаматты ұстады. Ол Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram парақшалардың бірінде пайда болған еді.

Полиция дерегінше, аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

"Тексеру барысында қарияны ұрған ер адам анықталып, ұсталды. Ол Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол көлігіне зақым келтіргені үшін қарияны жазалағаысы келгенін айтты", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Сондай-ақ, оқиғаның Алматы облысының аумағында болғаны анықталды.

Қылмыстық іс материалдары одан әрі тергеу жүргізу және шешім қабылдау үшін Алматы облысы ПД Қарасай аудандық полиция басқармасына жіберіледі",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954923-zazalagym-keldi-almatyda-ayaldamada-qariyany-uryp-soqqan-azamat-ustaldy/

pixel