Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша адамның қаржы пирамидаларына алданғаны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов елімізде 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының алдауына түсіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Оның сөзінше, азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады екен.

Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті, дейді департамент басшысы.

"Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі", - деді Санжар Әділов.

Департамент басшысы қаржы пирамидалары азаматтарды алдаудың түрлі әдісін қолданатынын жеткізді.

Оның сөзінше, алаяқтар ойлап тапқан әдістердің көбісі азаматтарды жеңіл ақша табуға шақырады. Соның бірі - инвестиция құю.

"Яғни, қаржы пирамидалары өздерін нарықта табысты компания ретінде көрсетіп, қызметтерін ұсынады және азаматтарды тарту үшін түрлі инвестициялық жобаларды ойлап табады. Сонымен қатар, қаржы пирамидалары шағын қаржылық ұйым ретінде, букмекерлік контор және тұтынушылар кооперативінің атын жамылып та жұмыс істейді. Одан бөлек, олардың басты құралы әлеуметтік желі. Яғни, жеңіл әрі онлайн табыс табуға шақырады. Ол үшін мессенджерлердің мүмкіндігін пайланады", - дейді Санжар Әділов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954925-elimizde-qansa-adamnyn-qarzy-piramidalaryna-aldangany-belgili-boldy/

pixel