Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Күнтізбе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде кітапханашылар күні аталып өтуі мүмкін. "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" қаулыға өзгеріс енгізу туралы жоба орналастырылды.

Жаңа мерекені бекіту туралы бастаманы Мәдениет және спорт министрлігі көтерген. Бұл кәсіби мереке 22 қазанда аталып өтіледі деп жоспарлануда.

"Жобаны мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру", - дейді авторлар.

Жобаны талқылау 2022 жылғы 18 ақпанға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтау барысында президент 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған болатын.

Кейінірек, Қазақстан үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954940-qazaqstanda-zana-kasibi-mereke-paida-boluy-mumkin/

pixel