Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар "Омикрон" штамына тән емес белгіні атады

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырғандар арасында асқазан жұмысының бұзылуына шағымданушылардың саны артты. ZOE COVID Study мамандары науқастардың деректерін зерттей келе осындай мәлімдеме жасады. Алайда ғалымдардың айтуынша, статистика бойынша бұл белгі "омикрон" штамына тән емес, деп хабарлайды "РИА Новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылым жариялаған ақпаратқа сәйкес, мамандар желтоқсан айының ортасынан қаңтар айының соңына дейін асқазан-ішек ауруларына шағымданғандар саны күрт өскенін айтқан.

Дәрігерлердің айтуынша, "омикрон" штамын жұқтырған науқастарда расымен де асқазан-ішек жолдары ауыруы мүмкін. Десе де, мамандар асқазан-ішек жолдарының бұзылуы "омикронға" қатысы жоқ екенін, бірақ адамдар бұл белгілерді COVID-19-бен байланыстырып жатқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сарапшылардың дерегінше, әдетте қыс айларында асқазан-ішек жолдары ауыратын науқастар санының артуы байқалады.

Сондай-ақ мамандар ішек инфекцияларының алдын алуға көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестерді бөлісті. Олардың айтуынша, тамақ жасар алдында қолды үнемі жуып отырған абзал. Одан бөлек, қоғамдық орындарға барған кезде гигиеналық талаптарды сақтап, дұрыс тамақтану қағидаларын ұстану қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954955-mamandar-omikron-stamyna-tan-emes-belgini-atady/

pixel