Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 градусқа дейін аяз": Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге, яғни 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, сонымен қатар желдің күшеюі күтіледі.

Кейін еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта 15-28 градусқа дейін, орталық өңірлерде 15-25 градусқа дейін, Қазақстанның шығысында 15-30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 7 ақпан күні еліміздің 10 өңірінде ауа райы бұзылатынын болжап, дауылдық ескерту жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954963-30-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-yqtimal-sinoptikter-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel