Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 ақпанда еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 8 ақпанда ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамына, жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты 7 ақпанда Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін.

"Көшкін жүру мүмкін қауіпке байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, 8 ақпанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Шымкент қаласында да кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 8-10 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1954993-8-aqpanda-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel