Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: Тыйым салынған экстремистік топтың 35 мүшесі ұсталды

Опубликовано:

Алматыдағы тәртіпсіздіктер
Алматыдағы тәртіпсіздіктер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров ОКҚ-да өткен брифингте қаңтардағы оқиғалардан кейін экстремистік топтың 35 мүшесі ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі күні қамауға алынғандар арасында тыйым салынған экстремистік ағымдардың 35 мүшесі бар. Мәселен, Алматыда деструктивті діни ағымның қылмыстық бағыттағы бір топ мүшесі ұсталды.

Оларды ұстау кезінде қолдануға дайын қару-жарақ тәркіленді. Олар өз тобының әрекеттерін үйлестіріп отырған. Бұл ретте олардың бір бөлігі алаңда жүрсе, екіншісі қаланың төмен жағында баррикадаларда болған", - деді Ризабек Ожаров.

Сондай-ақ, оның сөзінше, тергеу саяси экстремизмнің айқын белгілерін де анықтаған.

"Бейбіт акцияға қатысушылардың талаптары мемлекет тарапынан орындалса да, арандатушылар әдейі жанжал шығарып, оны ушықтырып, саяси талаптар қоя бастаған. Олардың түпкі мақсаты - билікті қарумен күштеп басып алу болған. Тіпті, қоғам және азаматтық белсенділер деп саналатындар да наразылықтардың бастапқы кезеңін пайдаланып, тізгінді өздері алуға тырысқан", - дейді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955009-qazaqstandagy-tartipsizdikter-tyiym-salyngan-ekstremistik-toptyn-35-musesi-ustaldy/

pixel