Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 мың студент оқудан шығарылды": Асхат Аймағамбетов себебін айтты

Опубликовано:

университет
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқудан шығарылған студенттердің санын жариялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Министрдің айтуынша, былтыр білім беру сапасы төмен 15 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылды. Бұдан бөлек, оқыту сапасы нашар 65 университеттің белгілі бір мамандық бойынша берілген 500-ден астам лицензиясы кері қайтарылды.

Ал кәсіби-техникалық білім беру саласында 30 колледждің жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, тиісті деңгейде білім бермеген мамандықтар бойынша 2000 лицензия кері қайтарылған болатын.

"100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орындарына ауыстырылды. Сонымен қатар тексеру кезінде іс жүзінде оқытылмаған он мыңға жуық студент оқудан шығарылды, жоғары оқу орындарында олардың құжаттары да болмаған", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Sputnik Қазақстан тілшісі министрліктің баспасөз қызметінен құжаты болмаған он мың студенттің оқудан қалай шығарылғанын сұрады.

"Мұндай студенттер оқудың ақысын төлейді, бірақ сабаққа бармайды. Оқу орны оларды құжат жүзінде қабылдайды. Алайда олардың оқу мерзімі кезінде сынақ кітапшасы, студенттік билет және тағы басқа қажетті құжаттары болмаған. Министр осы құжаттар туралы жазды. Ол студенттер ең соңында келеді де, дайын дипломды ала салады", - дейді БҒМ баспасөз қызметінің маманы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955019-10-myn-student-oqudan-sygaryldy-asxat-aimagambetov-sebebin-aitty/

pixel