Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иммунолог алдағы уақытта коронавирустың қай штамы белсенді болатынын айтты

Опубликовано:

Індет
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік иммунолог Николай Крючков коронавирустың алдағы уақытта қай штамы белсенді болатынын айтты. Ол "омикрон" штамының орнын қайтадан "дельта" штамы басады деген пікірде. Бұл туралы ura.news хабарлайды.

"Қазір біз "омикрон" мен кейбір "супер-омикрон", яғни ВА.2, ВА.3 және тағы басқалары тек бір ғана бөлігі екенін көріп отырмыз. Азаматтар көп жұқтырған сайын бұл мутацияға иммунитет қалыптасып келеді. Алайда белгілі бір уақыт келгенде популяциясын сақтап қалған "дельта" штамы қайта белсенді бола бастайды", - дейді дәрігер.

Крючковтың сөзінше, көптеген параметр бойынша "дельта" "омикронға" қарағанда күштірек, сондықтан ол алдағы уақытта қайта белсенді бола бастайыны содан.

Дәрігердің пікірінше, бұл жағдайда гибридті иммунитетке ие адамдар, яғни, коронавируспен ауырып жазылғандар, екпе алғандар, ревакцинациядан өткендер ғана ауруды қайта жұқтырмауы мүмкін.

Себебі, мұндай адамдардың ағзасы инфекцияның түрлі нұсқаларымен таныс және оларға қарсы тұра алады дейді иммунолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955060-immunolog-aldagy-uaqytta-koronavirustyn-qai-stamy-belsendi-bolatynyn-aitty/

pixel