Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 ақпаннан бастап барлық қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқу форматына көшеді

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

14 ақпаннан бастап еліміздегі мектептердің бәрі дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Бұл туралы премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өзіңізге белгілі, омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда деп айтсам, артық емес. Тәулігіне 16 мыңнан 2000-ға дейін азайып отыр.

Сондықтан мұның бәрі - жалпы жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрінісі деп айтуға болады", - дейді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол бизнеске жағдай жасау үшін шектеулер тәртібі өзгертіліп жатқанын айта кетті.

"Осыған байланысты 24 қаңтарда өзіңіз берген бизнеске жағдай жасау туралы тапсырмаңызға байланысты оларға жол ашу үшін негізгі карантин шаралары алып тасталды. Сонымен қатар, кеше ғана қазақстандық және шетелдік азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету үшін нақты шаралар қабылданды.

Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап барлық мектептерде оқуды оффлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - дейді Ералы Тоғжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955112-14-aqpannan-bastap-barlyq-synyp-oqusylary-dasturli-oqu-formatyna-kosedi/

pixel