Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан халқына" қоры маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазақстан халқына" қоры қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платоформасы арқылы алаяқтық әрекеттердің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қордың ресми өкілі Әлібек Әбділовтың айтуынша, алаяқтар қазақстандықтар атынан несие рәсімдеуге тырысып жатады.

Демалыс күндері "Атамекен" палатасының байланыс орталығына 250 адам шағымданса, дүйсенбі, 7 ақпанда бір күннің ішінде 186 шағым түскен.

"Мәселен, Шымкент тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болған. Содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түсті. Дәл осындай оқиға Өскемен қаласында болды. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ телефон соққан", - дейді Әбділов.

Бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры атынан телефон соққан алаяқтар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы береміз деп, халықты алдаған.

"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтарды қауесеттерге сенбеуге және алаяқ ұйымдардың арандатуына түспеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіз", – деді қордың ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Қор мамандары алаяқтық фактілері туралы басқа адамдарға да ескертуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955191-qazaqstan-xalqyna-qory-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel