Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Алматыдағы мемлекеттік органдарға шабуыл жасады деген күдіктілерді ұстады

Опубликовано:

Қару
Фото: ҰҚК ресми сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 7 ақпанда Алматыда жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

"Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол граната атқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Бүгінде тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы оқиғалардан кейін экстремистік топтың 35 мүшесі ұсталғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955196-uqk-almatydagy-memlekettik-organdarga-sabuyl-zasady-degen-kudiktilerdi-ustady/

pixel