Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

435 мың доллар шешіп алған: Шымкентте қашқын банкир ұсталып, сот алдына келді

Опубликовано:

Нұржан Көлбаев
Нұржан Көлбаев. Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Шымкентте 2018 жылға дейін банктердің бірінің облыстық филиалының директоры болған Нұржан Көлбаевтың соты басталды. Ол салымшылардың ақшасын иемденіп алды деп айыпталуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі әл-Фараби аудандық сотының қаулысына сілтеме жасап.

Экс-банкирге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 5-тармағы бойынша (Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау) айып тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың соңы мен 2018 жылдың басында Шымкент полициясына банктің бірнеше клиентінен арыз түскен. Олар шоттарындағы ақшалары жоғалып кеткенін хабарлаған.

Осы уақытқа дейін белгісіз бағытта жоғалып кеткен облыстық филиалдың бірінші басшысы Нұржан Көлбаев күдікті ретінде танылды. Оған іздеу жарияланды.

Тергеу нұсқасы бойынша 2017 жылы Нұржан Көлбаев өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзгелердің шотынан шамамен 435 мың доллар шешіп алған. Содан кейін Қазақстаннан кетіп қалған.

Алайда ол 2021 жылы Шымкентте қолға түсті. Қашқын банкирдің ісі бойынша тергеу қайта жанданып, содан кейін материалдар соттың қарауына берілді.

Қазіргі уақытта іс бойынша екі адам - Нұржан Көлбаев пен жеке кәсіпкерлікпен айналысқан оның сыбайласы айыпталуда. Сот жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955209-435-myn-dollar-sesip-algan-symkentte-qasqyn-bankir-ustalyp-sot-aldyna-keldi/

pixel