Президент қатысқан үкіметтің кеңейтілген отырысы отандық телеарналардан көрсетіледі
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы арнайы шығарылым отандық телеарналардан көрсетіледі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бұл маңызды іс-шара туралы арнайы шығарылымды сағат 21.30-да Хабар, Хабар 24, Qazaqstan, Atameken Business, Astana TV, Almaty TV, КТК, СТВ телеарналарынан көре аласыздар", -, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955220-prezident-qatysqan-ukimettin-keneitilgen-otyrysy-otandyq-telearnalardan-korsetiledi/