Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда баланы салқын бөлмеде жалаңаш қалдырған күтуші жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Жөргектегі сәби
Көрнекі сурет: iStock/Getty Images

Павлодар облысында бүлдіршінді салқын бөлмеде киімсіз қалдырған күтуші жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне оқиға болған жекеменшік балабақшаға иелік ететін кәсіпорын директоры Қанат Қаймолдин мәлімдеді.

"Күтушіні жұмыстан шығардық. Ал тәрбиеші жүкті болғандықтан оны жұмыстан шығару мүмкін болмады. Оған қатаң ескерту берілді. Ол бүгін таңертең жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Павлодар тұрғыны балабақша қызметкерлерінің үстінен шағымданғаны туралы хабарлаған едік.

Келіншектің мәлімдеуінше, тәрбиешілер тамақтануға кетпес бұрын 1 жас 10 айлық қызды толық шешіндіріп, суық бөлмеде қалдырған.

Павлодарлық әйел өзінің шағымы мен бейнебақылау камерасының видеосын Instagram желісінде жариялаған.Кадрларда жұмысшының киімі шешілген кішкентай қызды бөлмеге кіргізгенін көруге болады. Содан кейін әйел тамақтануға отырғаны көрсетіледі.

"3 ақпанда менің 1 жас 10 айлық қызымды жалаңаш, іш киімсіз суық бөлмеге 42 минутқа қамап қойған, содан кейін өздері тамақтануға кеткен. Балабақша құрылтайшысы мен меңгерушісі тәрбиеші мен оның көмекшісінің бұл әрекетін, неге осылай істегенін түсіндіре алмады. Олардың бірінің аяғы ауыр екенін ғана айтты", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955236-pavlodarda-balany-salqyn-bolmede-zalanas-qaldyrgan-kutusi-zumystan-sygaryldy/

pixel