Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе тұрғыны бананға телефон жасырып, қамаудағы танысына бермек болған

Опубликовано:

Банан ішіне телефон салған
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде бананның ішіне мұқият жасырылған ұялы телефон және Beeline SIM-картасын тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыйым салынған заттарды 29 жастағы У. И. есімді қала тұрғыны абақтыда "жалған кәсіппен айналысты" деген айыппен отырған күдікті-айыпталушы танысына бананның ішіне жасырып, бермек болған.

"Азамат У. И. өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 791 және 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955238-aqtobe-turgyny-bananga-telefon-zasyryp-qamaudagy-tanysyna-bermek-bolgan/

pixel