Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Елена Бережная

Алматы полициясы мас адамды арыққа лақтырып жіберген жүргізушіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз ер адам жолдың қақ ортасында тұрып, жүргізушілердің өтуіне кедергі жасап, апатты жағдай туғызған. Оның видеосы әлеуметтік әлеуметтік желіде тарады.

"Полиция департаментінің кезекші бөліміне мас жаяу жүргінші туралы ақпарат 8 ақпан күні сағат 17:15-те келіп түсті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы алматылық азаматтың орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын анықтады. Ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңның 615 және 440 бабы бойынша жауапқа тартылды",- дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сонымен қатар, полиция өкілі ер адамды жолдың шетіне итеріп, арыққа лақтырып жіберген көлік жүргізушісінің кім екені анықталып жатқанын айтты. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

"Айта кетейік, арыққа құлаған П. есімді азамат медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деді Думан Аухадиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955242-almatyda-er-adamdy-aryqqa-laqtyryp-zibergen-zurgizusi-izdestirilip-zatyr/

pixel