Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай наразылық кезінде ереуілшілерге арматура таратқан 6 азамат ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владмир Третьяков

Алматыда жаппай наразылық кезінде ереуілге шыққандарға арматура таратқандар ұсталды. Бұл ақпаратты мегаполистің полиция департаменті растап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қаңтар оқиғасында Алматыдағы бүлікшілерге арматура таратқандардың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Телеарна дерегінше, күдіктілер темір құралдарды "Шаңырақ" ықшамауданындағы үйлердің бірінде дайындаған.

Арнайы құралдың көмегімен кесіп, оларды 70 сантиметрден бөлгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл іске қатысы бар деген күдікпен 20-24  жастағы күдіктілер қамауға алынған.

Полиция  қылмыстық кодекстің 272-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды. Алтауы да бір жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істеген адам екен. Қазіргі таңда олардың іс әркеттеріне құқықтық тұрғыда баға берілуде. Міндетті түрде жауапкершілікке тартылады", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдіктілердің бірі жасаған әрекетіме өкінетіні жеткізді.

"Уақытта артқа қайтарғым келеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955299-almatyda-zappai-narazylyq-kezinde-ereuilsilerge-armatura-taratqan-6-azamat-ustaldy/

pixel