Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қарыз еді": Теміртауда ер адам марқұмның пәтерін иемденіп алған

Опубликовано:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртау тұрғыны қайтыс болған азамат өзіне қарыз болғанын айтып, оның үйін иемденіп алған. Ол тіпті пәтердің есігін ауыстырып тастаған, деп жазады ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

4 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 73 жастағы азаматша арызбен шағымданды.

Жәбірленуші ағасы қайтыс болғаннан кейін оның пәтеріне ие болып қалған.

Қаңтар айында туысынан қалған пәтерді тексеріп кетуге келген зейнеткер ол үйге кіре алмаған. Сөйтсе, белгісіз біреу қайтыс болған азамат маған бұрын қарыз болғандықтан, осы пәтерді берді деп үйдің есігін ауыстырып, пәтерді иемденіп алған.

Полиция қызметкерлері арызды тексеру барысында пәтерге иелік ету құжаттары, сондай-ақ қайтыс болған азамат пәтерді туысқанына жазып кеткенін анықтады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 389-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955308-magan-qaryz-bolgan-temirtauda-er-adam-marqumnyn-paterin-iemdenip-algan/

pixel