Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық әйел қызының ұл емес екенін төрт ай бойы дәлелдей алмай әлекке түскен

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматылық келіншек босанған қызының ұл емес екенін төрт ай бойы дәлелдей алмаған. Өйткені нәрестенің құжатын перзентхана қызметкерлері дұрыс толтырмаған, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Nur Otan партиясының мәліметінше, партияның Алматы қалалық филиалына әйел адам №3 қалалық перзентханаға шағымын айтып хабарласқан.

Ол 2021 жылғы 29 қыркүйек күні дүниеге келген қызының жынысын перзентхана қызметкерлері ақпараттық базаға "ұл" деп қате тіркеп жібергенін жеткізіпті.

Содан бері 4 ай уақыт өтсе де, өзгеріс енгізу жұмысы нәтижесін бермеген.

Партияның Алматы филиалы мегаполистің мәслихат депутаты Әсия Ақановамен бірлесіп денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық базасындағы қателікті түзету бойынша жүргізген жұмысы нәтиже бергені белгілі болды.

"Партияға хабарласқалы 10 күн ішінде қыздың анасы туу туралы куәлікті қолына алып отыр. Аталған жайтқа ұқсас мәселелер бойынша партияға азаматтар жиі хабарласады, барлық өтініштер партияның бақылауына алынып, тиісті шаралар атқарылады",- деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955328-almatylyq-aiel-qyzynyn-ul-emes-ekenin-tort-ai-boiy-daleldei-almai-alekke-tusken/

pixel