Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жел, көктайғақ": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің шығысында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады.

Ал солтүстік-батыста қар аралас жаңбыр, оңтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын, жел және көктайғақ күтілуде.

Сонымен қатар, Қазақстанның солтүстігінде 2-10 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері 2022 жылдың қаңтары Қазақстанда ерекше жылы болғанын мәлімдеген еді.

Ал елордада ең жоғары ауа температурасы 2022 жылдың 15 қаңтарында тіркеліп, сынап бағанасы 0,2 градусқа көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955340-zel-koktaigaq-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel