Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қар жаууына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласының әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік жүргізушілері мен тұрғындарға үндеу жасады.

Ведомство 9-10 ақпан аралығында қалада қар жауатынын, ауа температурасы күндіз -2 градусқа дейін, түнде 4-6 градусқа дейін төмендейтінін ескертті.

Жолда көктайғақ болып, тұман түсуі де мүмкін.

Осы ретте, әкімдік көктайғақтың алдын алу мақсатында 204 құмшашатын көлік кезек-кезек жұмыс істейтінін, одан бөлек, қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 арнайы техника мен 1538 жұмысшы жұмылдырылатынын атап өтті.

Сонымен бірге, Тұрғын үй саясаты басқармасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден көктайғаққа байланысты жолда және тротуарларда сақтық шараларын сақтауды өтінеді.

"Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілерден тротуарларда жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955361-almatyda-qar-zauuyna-bailanysty-zurgizusilerge-eskertu-zasaldy/

pixel