Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шопан Алматының шетінен жасырылған қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілерді тауып алды

Опубликовано:

Қару-жарақ
Фото: Polisia.kz

Шопан Алматының шетінен жасырылған қару-жарақ пен арнайы оқ-дәрілерді тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріковтің айтуынша, бөлімшеге ер адам хабарласып, "Дархан" ықшамауданындағы сайда мал бағып жүрген кезінде қару-жарақ арсеналын тауып алғанын хабарлаған.

"Ақпарат расталды. Жедел-тергеу тобы каска, оқ өткізбейтін кеудеше, Калашников автоматынан мүйіз, 7,62 мм калибрлі 20 патрон, "Беретта" травматикалық тапаншасы, резеңке таяқшалар, "Макаров" тапаншасынан 19 патрон және белгісіз травматикалық тапанша тәркілеген.

Қойманың ішінен табылғандардың меншік құқығы мен шығу тегі одан әрі тексеру барысында анықталады. Арсеналды жасырған тұлғалар анықталып, жауапқа тартылады", - дейді ол.

Қару-жарақ
Фото: Polisia.kz

Қару-жарақ
Фото: Polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955380-sopan-almatynyn-setinen-zasyrylgan-qaru-zaraq-pen-arnaiy-oq-darilerdi-tauyp-aldy/

pixel