Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 ақпан аралығында барлық өңірде ауа райы бұзылып, қар аралас жаңбыр жауып, сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап отыр.

Ведомство жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік үшін көліктер арасындағы қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ, кенеттен тежеу мен бірден қозғалуға жол бермеуге шақырады.

Бұдан бөлек, ІІМ ауа райын ескере отырып, көліктегі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды, алыс сапарларға шығуды шектеуге шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімдігі ауа райына байланысты шаһар тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955397-iski-ister-ministrligi-kolik-zurgizusilerine-undeu-zasady/

pixel