Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 20 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен әйел елордадан табылды

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткеніне 20 күн болған әйелді Нұр-Сұлтан қаласынан тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 7 ақпанда жергілікті тұрғын өз әйелінің 20 қаңтар күні белгісіз бағытқа қараы шығып кетіп, сол күйі оралмағанын хабарлаған.

Осыдан кейін олицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстары арасында сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Еліміздің облыстары мен қалаларына бағыттамалар жіберілген. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына еріктілер де тартылған.

"Нәтижесінде із-түссіз кеткен әйел табылды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында, дін аман. Полицейлер әйелмен байланысқа шығып, күйеуінің жоғалу жайты бойынша арызданғанын жеткізді. Оған заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Табылған әйел ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін, Нұр-Сұлтанда аман есен өз еркімен тұрып жатқанын жеткізді.

Белгілі болғандай әйел күйеуімен арасында болған отбасылық келіспеушіліктің салдарынан жақындарына айтпай кетіп қалған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955409-turkistan-oblysynda-20-kun-buryn-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-aiel-elordadan-tabyldy/

pixel