Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Қызыл" аймақтағы облыстар саны 8-ге дейін қысқарды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналында.

10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 3 329 адам тіркелген еді. Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 283 171-ге жетіп отыр.

Соңғы мәлімет бойынша 73 160 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 509 пациент стационарда, 64 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 387 адамның жағдайы ауыр, 157 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тағы 101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955449-koronvirus-qyzyl-aimaqtagy-oblystar-sany-8-ge-deiin-qysqardy/

pixel