Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры қамауға алынды

Опубликовано:

Оспанбек Әлсейітов
Оспанбек Әлсейітов. Фото: instagram.com/os.alseitov

"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітовке және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram каналында хабарлады.

Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері дизель отынын өндіру процесін компаундирлеу бойынша "ПМХЗ" ЖШС функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтаған.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Компанияның бас директоры Оспанбек Әлсейітовке қатысты Павлодар қаласының тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жариялануға жатпайды", - деді Қаржы мониторингі агентігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955516-pavlodar-munai-ximiya-zauytynyn-bas-direktory-qamauga-alyndy/

pixel