Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ер адам көшеде жасөспірімді ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Көкшетау қалалық ПД криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салған күдіктіні анықтады. Жәбірленушінің анасы полицияға арыз берген деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 2 ақпанында шамамен сағат 17.30 белгісіз ер адам жаяу жүргіншілер бағдаршамының қиылысында 16 жастағы жасөспірімнің басына соққы бергені алдын ала анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол 41 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Куәгерлердің айғақтары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қаскүнем алкогольдік масаң күйде болған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1955527-koksetauda-er-adam-kosede-zasospirimdi-uryp-soqty-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel